Әлемде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер және олармен шарттастырылған елдегі жалпы орта білімді жаңғырту, педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзіреттіктеріне деген жаңа тәсілді талап етеді. Әсіресе, білім берудің заманауи жүйесі мектептердегі психологиялық қызметтердің алдына көп міндеттер қояды. Өйткені көптеген әлеуметтік зерттеулер, бірқатар әлеуметтік себептермен шарттастырылған, өскелең ұрпақтың рухани құндылықтарын өзгертуді белгілейді, мұның салдарынан болашақта мінез-құлықтың бейдағдылану құбылыстары байқалуы мүмкін. Жоғарыда аталғандарды негізге ала отырып, мектептегі педагог-психологтың біліктілігі, Қазақстанның болашақ ұрпақтарының табысты тұлғалық қалыптасуына қатысты көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі деп айтуға болады.

Психологтың білім беру жүйесіндегі жұмысы көп қырлы және шексіз еңбекті және күш-жігерді талап етеді, ал ең бастысы оқу-тәрбиелік үдерістің сапалы психологиялық-педагогикалық қосталуы үшін, жаңа білімдерді жүйелі түрде меңгеруді талап етеді. Отбасылық тәрбиелеу саласындағы білімдер, «мектеп-бала-отбасы» жүйесіндегі бірқатар проблемаларды шешетіндігін тәжірибе көрсетіп отыр, өйткені, бұл бірлесусіз толыққанды тұлғаның дамуы мүмкін емес.

Осыны негізге ала отырып, 2013 жылы 01 наурызда Отбасылық тәрбиелеу институты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, «Бақытты отбасы» отбасылық тәрбиелеу жөніндегі педагог-психолгтардың біліктіліктерін көтеру және қайта дайындау курстарының бірінші сессиясын өткізді. Оқытудың негізгі мақсаты - білім беру қызметкерлерінің отбасылық өзара қарым-қатынастар саласындағы біліктіліктерін көтеру, сондай-ақ отбасылық ағарту мәселелері бойынша бірыңғай мемлекеттік-қоғамдық тәрбиелеу саясатын жүзеге асыру, отбасының қоғамның негізі ретіндегі мәртебесін көтеру болып табылады.

Тыңдаушыларды кезеңдеп оқыту және олардың эссе және рефераттар түріндегі тәжірибелік жұмыстарды орындауы курстардың ерекшеліктері болып табылады. Осыны негізе ала отырып, Отбасылық тәрбиелеу институтының әдістемелік қызметі бірқатар кеңестер жүргізуді жоспарлап отыр.

Ендеше, 28 ақпанда, өтініштерге сәйкес, Қазақстанның барлық өңірлерінен келген тыңдаушылар-педагог-психологтардың 210 санынан оқу тобы қалыптастырылды. 2013 жылдың 1 наурызынан бастап бірінші оқу сессиясы басталды. 12 наурызға дейінгі осы кезең бойы қатысушылардың саны өзгеріссіз қалды.

Осы бағдарламаны орындау барысында институт жоспарлаған әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты - тыңдаушылар үшін жобаның тәжірибелік бөліктері – эсселерді және рефераттарды дайындауға қызығушылық тудыратын және нәтижесінде бұл тапсырмаларды сапалы орындауға жағдай жасайтын атмосфера жасауға бағытталды.

Институт тыңдаушыларына әдістемелік кеңес беру, 12 күндік оқыту кезеңі ішінде күн сайын өтті. Отбасылық тәрбиелеу институтының әдіскері Матаева Алтыншаш Түймебайқызының тыңдаушыларға өткізген жұмысының негізгі түрі - әңгімелесу, жеке кеңестер беру болып табылды. Тыңдаушыларға көмек ретінде эссе жазу бойынша нұсқаулық-әдістемелік хат, сондай-ақ әр тақырып бойынша материал дайындауға қатысты түсініктемелер дайындалды. Әдіскердің сабағына қатысушылық - 100% болды. Сессияны өткізу барысында, әр тыңдаушының алдына жобаның тәжірибелік бөлігін орындау бойынша– 2-ші сессия басталғанға дейін, яғни 2013 жылғы 1 маусымға дейін, 12 тақырып бойынша эссе және 6 реферат дайындау міндет қойылды. Институттың 45 тыңдаушысы бірінші сессияның соңына қарай 203 эссе ұсынғанын көру, сүйсінерлік жағдай болды.

Тәжірибелік жұмыстың біріңші бөлігін орындау кезінде келесі өңірлердің тыңдаушылары тамаша жұмыс істеді:

Б. Байсекеева (Атырау облысы)- 9 эссе орындады; О. Семенова - (Солтүстік Қазақстан облысы) - 7 эссе орындады; Ш.Шәкенова (Шығыс Қазақстан облысы) - 7 эссе орындады;- Д. Қамалова (Жамбыл облысы)- 6 эссе орындады; М. Ермекбаева (Жамбыл облысы)- 6 эссе орындады; С.Сапарғалиева (Атырау облысы)- 6 эссе орындады; А.Хамитова (Павлодар облысы)- 6 эссе орындады; А.Қажымұратова (Солтүстік Қазақстан облысы)- 6 эссе орындады; Г.Исабекова (Алматы облысы)- 6 эссе орындады; Р.Төретаева (Қарағанды облысы)- 6 эссе орындады; Г.Машарықова (Маңғыстау облысы)- 6 эссе орындады; Л.Жетпісова (Маңғыстау облысы)- 6 эссе орындады; Г. Қабылова (Павлодар облысы)- 6 эссе орындады; Т.Лебедева (Ақмола облысы)- 6 эссе орындады; Н.Емельянова (Ақмола облысы)- 6 эссе орындады; Ю.Мухина (Шығыс Қазақстан облысы)- 6 эссе орындады; Г.Митонова (Ақтөбе облысы)- 6 эссе орындады; А.Алдабергенова (Ақтөбе облысы)- 6 эссе орындады; М.Серікбаева (Шығыс Қазақстан облысы)- 6 эссе орындады; Г.Шотамбекова -( Шығыс Қазақстан облысы)- 6 эссе орындады; Г.Сәдуова (Солтүстік Қазақстан облысы)- 6 эссе орындады.

Бірақ, орындалған жұмыстардағы оң нәтижелермен қатар, кемшіліктер де баршылық: тыңдаушылардың жұмысбастылықтарына және ақпараттардың мол ағынана байланысты, эссені жазу кезіндегі тыңғылықтылықтың жетіспейтіндігі байқалды. Біз алдағы уақытта сессия барысында тыңдаушылар жасаған жұмыстар санының көп болғанын қалар едік.

Қазіргі кезде институттың әдістемелік бөлімі, институт тыңдаушылары 2013 жылы 1 сәуірде өздерінің электрондық пошталарынан көретін, «Бақытты отбасы» бағдарламасының 21 тақырыбы бойынша рефераттар және курстық аттестациялық жұмыстар туралы нұсқаулық-әдістемелік хат дайындау үстінде.

Кез келген тәжірибелік жұмысты табысты орындау, оны орындауға қойылатын дұрыс және сауатты ұсыныстарға байланысты!

А. Матаева,

Отбасылық тәрбиелеу институтының әдіскері