Ажырасу –  ерлі-зайыптылардың екеуі үшін де жан ауыртарлық процесс, әсіресе егер олардың балалары болса тіптен қиын. Жұбайлар осы бір жағымсыз рәсімді тезірек өткізуге асыққан кезде, олардың ең маңызды нәрсеге мән бермейтіндігі белгілі жайт.

Ажырасуға құқық ықылым заманнан бері кез келген қоғамда қызу талқыланып отырған. Бұл құқықты тану қазіргі дамыған қоғамның көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Ажырасуға баратын адамдардың тұрпаттары.
Көбінесе  "жалғыздар" – оңашалықа, тыныштыққа ұмтылатын адамдар. Олар өзі мен әлемінің арасында көрінбейтін қамал салады, оның артында сыртқы әсерлерден қорғалған өзінің кішкентай әлемін жасап алады.

Заң органдарына бұл мәселемен «есеймеген», «есею баспалдағына» көтеріле  алмаған алмаған адамдар да жүгінеді. Бұндай адамдарда өмір бойы өз ата-аналарынан тәуелділік сақталады және олар ішінен өздерін тең құқылы серіктес емес, ата-анасының қыздары мен ұлдары ретінде сезінеді. Ажырасуға бұндай адамдардың ата-аналары да себепші болып жатады – «таңдаған жарың лайықты болмады». 

Сонымен қатар некеде пайда болған проблемаларды қасқайып жеңе алмайтын адамдар да жиі ажырасудың бастамашылары болады. Олар проблеманы конструктивті шешуге тырыспайды, және бар кінәні екінші жартысына артып, «еркіндікке» қашуға ұмтылады. Бұл «...келесі некеде бәрі басқаша болатындығына» сенімді адамдар санатына жататын жандар. Олар үшін ер мен әйелдің арасындағы жайлы, жанжалсыз қатынастар туралы мифтің тас-талқаны шығу үшін жылдар, тіпті онжылдықтар қажет.    

Өкінішке орай, кебір отбасыларда «манипулятор – бағынышты» сценарийі болады. Бұндай некелер түбі бәрібір ажырап тынады – бағынышты өзінің адам ретіндегі абыройы үшін күреседі, ал манипулятор бұл талпыныстарды қатал түрде жаныштап отырады. «Ситуациялық ажырасу» - неке қатынастарының қандай да бір күйзелісі кезеңінде – қазіргі заманда бұндай құбылыс жиі кездеседі. Қарым-қатынастардағы жатырқаушылықты махаббатың жоғалуымен және ортақ қызығушылықтардың жоқтығымен шатастырып, адамдар ажырасуға барады. Ал  бұған бар болғаны шыдамдылық танытып, бұл күйзелісте уақыттың өткенін күту ғана қажет, сонда бәрі жақсы болады.

Отбасы жұбайдардың бірінде ата-аналық сезім қалыптаспағанда және балалары үшін жауапкершілік болмаған жағдайда ажырасады. ТМД елдерінде көп жағдайда әкелер «әлсіз буын» болып табылады.

Отбасы сақтала ма, жоқ па, бұл ең алдымен жұбайлардың өзіне байланысты – күш салып, шыдамдылық танытуға болады, ал одан да дұрыс жолы – отбасылық қатынастар жөніндегі маманнан – психологтан көмек сұрау.  

Ажырасу туралы 
Ажырасу – ұзақ уақытқа созылатын психологиялық процесс, ол шешім қабылдаудан басталып, ішкі жан дүниенің бос қалуымен және қағаз былығымен аяқталады. Оны шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады: ажырасу алдындағы кезең, ажырасудың өзі, ажырасудан кейінгі кезең. 

Психологиялық көмек 
Егер Сіз ажырасудың алдында тұрсаңыз, бірақ әлі де күмәнданатын болсаңыз, демек бұл соңына дейін таразыға салынбаған мәселе. Бұл жағдайда Сізге өзгенің айтуымен емес, саналы түрде шешім қабылдау үшін психологиялық көмек қажет. Маманның арқасында Сіз шын мәнінде нені қалайтындығыңызды түсіне аласыз. Мүмкін себеп сіздің жарыңызда емес, өзіңізде шығар? 

Әсіресе егер мынадай жағдайлар болса, психологқа барудың маңызы зор:
 
- «екінші жартың» қабылдаған ажырасу туралы шешім сіз үшін мүлде күтпеген жағдай болса;

- егер сіз ажырасуға қарсы болсаңыз;

- егер сіз жұбайыңызды сүйсеңіз.


 Бала – ажырасу кезінде бәрінен де қатты зардап шегетін тарап! 

Психологиялық зерттеулер балалардың көпшілік (әсіресе 10 жасқа дейінгі) бейсаналық түрде ӨЗДЕРІН ажырасуға себепші болған кінәлі жандармыз деп санайды. Сонымен қатар, олардың әрқайсысына ең жақын екі адамы – анасы мен әкесінің арасында таңдау жасауға тура келеді.

Көп жағдайда ата-аналар баланы өзіне тартуға тырысып, баланы бір бірлеріне қарсы қойып, жағдайды одан сайын ушықтыра түседі. Сәбиді манипуляция үшін, негатив құрал ретінде, жау жағындағы барлаушы немесе екінші жақты тартуға арналған арқан ретінде пайдаланатын адамдар санаты бар, бұндай әрекетке ешқашан баруға болмайды. 


Статистика
ҚР Статистика агенттігі ұсынған ресми мәліметтер бойынша, 2013 жылы Қазақстандағы ажырасулар саны соңғы алты жыл ішінде рекордтық көрсеткіштерге жеткен – 100 некелесуге 34 ажырасудан келген.

"2013жылдың қаңтарынан бастап қарашасына дейін тіркелген некелер саны 155,3 мыңды (өсім 1,5%-ға) құрады, ал ажырасулар - 47,3 мың (өсім 4,9 %-ға). Соңғы жылдар ішінде некелер мен ажырасулардың абсолютті санының өсуі негізінен оның жалпы құрылымындағы 25 жастан 35 жасқа дейінгі жастық санаттағы халық санының өсуіне байланысты", - делінеді ресми хабарламада.

Және соңында...

Отбасылық қатынастар дамуының сатылары.

1.Көңілін табу

Адамдар кездеседі, бір бірлерін біле бастайды, бір бірінен бөлек тұрады. Сүйсіну-армандау көңіл күйі басым болады.

2. Балаларсыз отбасы

Жұбайлар бірге тұра бастайды. Алғашқы жылдың күйзелісі туындайды. Даулардың пайда болуына отбасының түрлі үлгілері және бірлесіп шаруашылық құрудың әр түрлі түсініктері себепші болады. Жұбайларға келісімге келуді және кішіреюді үйрену қажет. Алғашқы күйзелісті сәтті жеңе білу жас жұбайлардың қарым-қатынасын нығайтады.

3. Баласы бар отбасы

Екінші рет күйзеліс бала өмірге келгеннен кейін пайда болады. Үш жас күйзелісі – бала көп жағдайда осы уақытта өмірге келеді – отбасының қалыптасқан өмір салтын қайта құрумен және жаңа  рөл – ата-ана болумен байланысты туындайды. Оларға жастықтың қамсыз, уайымсыз өмірінен бас тартуға және екі рөлді де қатар алып жүруге тура келеді. 


4.  Толысқан отбасы

Келесі күйзеліс шамамен қарым-қатынастардың жетінші жылында басталады. Жұбайлар өзінің жұмысымен және қызығушылығымен айналысады. Ортақ істер ретінде шаруашылық мәселелері мен бала тәрбиесі мәселелері қалады. Бірақ сезімді ортақ қызығушылықтармен, бір бірін қолдаумен және бір біріне деген қамқорлықпен қайта жандандыру қажет.

5. Ересек балалары бар отбасы

Балалар біртіндеп ержетеді және өз отбасыларын құруға дайындалады. Жұбайлардың тұрақты қарым-қатынастары балалардың жеке өмірін құруға себепші болады. Жұбайлар арасындағы қарым-қатынас қиын отбасыларда балалардың есеюі қиын болады, себебі олар толыққанды отбасылық қатынастар үлгісін көздерімен көре алмайды. Ата-аналар кез келген жолмен баланы өз отбасында қалдыруға тырысады, себебі бала оларды байланыстырып тұрған жалғыз дәнекер. 


6. Қартаң отбасы
Балалар үйден кеткен кезде, жұбайлар кезекті күйзеліске ұшырайды. Бір бірлерімен бетпе-бет қалғанда, олар біртіндеп араларында бір сезім қалды ма әлде олар бір бірлері үшін көршіге айналып кетті ме, соны ұғынады. Зейнеткерлікке шығу әдетте бос қалған үй мен күннен күнге ұлғайып келе жатқан жалғыздықтан болатын жоғымсыз эмоцияларды одан сайын ушықтыра түседі. Ортақ қызығушылықтар отбасылық өмірдің қайта жандануына себепші болады.