Қостанай қаласы Отбасылық тәрбиелеу орталығы «Бірінші сынып 
оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» атты конференция өткізуді жалғастыруда. Отбасылық Тәрбиелеу Институтының бастамасын аймақтың 543 мектебі қолдады.

2014 жылдың 14 қыркүйегінде Қазақстанда «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» атты Бірыңғай республикалық конференция өткендігін естеріңізге сала кетейік. Іс-шара бір мезгілде еліміздің 16 аймағында 270 мектепте болды және 149 700-ден астам бірінші сынып оқушыларының ата-аналарын жинады. 

Конференция аясында психологтар барлық қатысушыларға танымдық тақырыптық роликтер, презентациялық слайдтар көрсетті, сондай-ақ балаға мектепке бейімделуге көмектесетін арнайы әзірленген жаттығулармен таныстырды. Сондай-ақ Институттың мамандары ата-аналармен ауқымды сауалнама жүргізді, ал іс-шараның қорытындысы бойынша арнайы әзірленген жадынамалар таратты.

Бұндай іс-шаралар ата-аналарға балалар үшін осындай маңызды кезде балаларына көмек көрсетуге және оларды қолдауға көмектеседі. Ата-аналардан болған кері байланыс бұндай іс-шаралардың еліміз үшін қажет екендігін көрсетеді.