2014-2015 оқу жылын Қостанай облысының әкімдігі Отбасы мен мектептің 
өзара әрекет ету жылы деп жариялады. Осыған орай, Қостанай қаласы 
Отбасылық тәрбиелеу орталығының директоры Саркисян Л.В. облыстық. 

Білім басқармасы тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы С.М. Морозенкомен бірлесіп «Отбасы мен мектептің өзара әрекет ету жылы» атты жобаны іске асыру бойынша арнайы жоспар әзірледі. 

Оған жұмыстың жеті бағыты енгізілген, жоспар бойынша оған тек қана білім мекемелерінің басшылары мен бүкіл облыс бойынша ата-аналар жұртшылығын тартып қана қоймай, сонымен қатар «Қостанай облысының іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ, «Қостанай облысы педагогтарының қауымдастығы» ҚБ, «Қостанай облысының машықтанған психологтар қауымдастығы» ҚБ, Колледждердің директорлар кеңесі, «Учительская+» танымдық ақпараттық білім беру газетінің редакциясы» ЖШС, сондай-ақ «Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалар орталығы» КМҚК, «Қостанай облыстық психиатриялық ауруханасы» ММ секілді үкіметтік емес ұйымдарды тарту көзделген. Осындай жұмыс жоспарлары барлық аудандық Білім бөлімдерінде әзірленді және Отбасылық Тәрбиелеу Институтының түлектері болып табылатын психологтардың белсене қатысуымен іске асырылуда, олардың саны облыс бойынша 67 адам.

Болашақта жобаны іске асыруға Отбасылық Тәриелеу Институтының Қостанай облысындағы барлық түлектері тартылатын болады.