Қадірлі оқырмандар, «Отбасылық тәрбие. Семейное воспитание» республикалық ғылыми-практикалық журналының төртінші саны жарыққа шыққандығын қуанышпен хабарлаймыз.

Бұл санда  біздің психологтар қалай ең жақсы әке болу керектігі туралы, өз сыныбыңдағы  психологиялық климатты қалай тексеруге болады, балаға киімді күтіп ұстауды қалай үйрету керек, сол туралы  кеңестер берді және басқа да көптеген мәселелер көтерді. Біздің мамандарымыз оқырмандармен  бала тәрбиесі, отбасында жағымды атмосфераны сақтау  бойынша пайдалы әдістермен және баланың зейінін дамытатын ойындармен бөлісті.

Бұл нөмірдің арнайы қонағы ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық қызмет көрсету комитеті төрағасының орынбасары Калимова Венера Камысбаевна болды. Қонағымыз ол үшін «бақытты отбасы» дегеніміз не екендігін айтты, Қазақстандағы ажырасулар статистикасы туралы, мемлекет олардың санын қысқарту үшін қандай шаралар қолданып жатыр, сол туралы және тағы басқа көптеген қызықты мәліметтермен бөлісті.

Бұның барлығын және тағы басқа көптеген қызықты ақпараттарды сіздер журналымызға жазылу арқылы біле аласыздар. Журнал туралы және жазылу туралы толығырақ мына жерден біле аласыздар.