8(7172) 25-65-09, 8(7172) 25-64-09 | г.Нұр-Сұлтан, ул.Халел Досмухамедулы 90

2015 жылдың 16 мамырында Отбасылық Тәрбиелеу Институты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, «НұрОтан» партиясының қолдауымен, «ҰБТ-не дайындық барысындағы жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек» атты Бірыңғай Республикалық Ата-аналар Конференциясын өткізуде.

Тараз қаласында осы жылдың 15-16 сәуірінде Отбасылық Тәрбиелеу Институтының ұйымдастыруымен мектеп психологтары мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған біліктілігін арттыру семинар-тренингі өткізілді.

Қожаберген жырау атындағы 6-шы орта мектептің педагог-психологы Нұргүл Рахметова "Түстер терапиясы" аталатын шеберлік сыныбын өткізуде. Маман өз тәжірибесін өңірдің аудан-ауылдарынан келген психолог мамандармен бөлісуге дайын. Алдымен ол әр партаға 4 түсті қағаз-қаламды орналастырған. Әр түстің өз мән-мағынасы бар. Түстерді таңдаған оқушылар олардан "Өз әлемінің коллажын" жасап, оған тақырып қойып таныстырады. Баланың көңіл-күйін, мінез- құлқындағы өзгерістерін осы жұмысының қорытындысынан аңғаруға болады. Шеберлік сыныбын тамашалаған аудандардық психолог-мамандар бүгін өз тәжірибелерінің толыққанын айтады.

«Бақытты болғың келсе – бол!». Бұл нақыл сөзде, кәсіби-психологтардың жоғары бағалайтынындай терең мағына жатыр. 

Атырау қаласының №18 орта мектебіндегі ата-аналар кездесуі «Жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы» атты тақырыпта жүргізілді.

Астана қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталығының директоры, психолог-кеңесші Матаева Алтыншаш Туменбаевнаның қатысуымен өткізілген ата-аналар жиналысына 200-ден аса ата-аналар қатысты.

Зорлық зомбылықтың алдын алу жұмыстары бойынша оқыту тренингтері Қызылорда облысында ұйымдастырылды. Тренингті Астана қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталығының директоры, педагог-психолог Матаева Алтыншаш Туменбаевна жүргізді.

жоғары