8(7172) 25-65-09, 8(7172) 25-64-09 | г.Нұр-Сұлтан, ул.Халел Досмухамедулы 90

Оларды жеңу жолдары» тақырыбындағы тренингтер.

15.11.2012 жылы  ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында отбасылық дәрісхана аясында «Балалар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасы. Оларды жеңу жолдары» сабағы өткізілді. Сабақты Отбасылық тәрбиелеу институтының  бас маманы, кеңесші                                Фуст Екатерина Андреевна  өткізді.


       Сабаққа Астана қаласындағы Басқару колледжі мен Байланыс және коммуникация колледжінің  оқушылары шақырылды. Оқушылар психологтармен бірлесіп, «жанжал» түсінігін қарастырды, жанжалдық оқиғалардың пайда болу себептерін айтты. Белсенді және қызу пікір-талас барысында оқушылар жанжалдар бұл -  біздің өміріміздегі норма, қалай болғанда да ол біздің өмірімізде туындайды деген ортақ пікірге келді, басты міндет – пайда болған жанжалдық оқиғадан дұрыс және лайықты түрде шыға білу. 

2012 жылдың 20 қазанында Астана қаласындағы Қазақ-Түрік лицейінде ата-аналарға арнап өткізілген «Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі ата-аналардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы тренинг.

№18 мектептің 11 сынып оқушыларымен «ҰБТ» дайындық кезінде оқушыларды психологиялық қостау» тақырыбында өткізілген тренинг.

 Тренингтің мақсаты:

  • Оқушыларға стрестің салдары туралы айту;
  • Психологиялық көмектің ертегі терапиясы әдісін пайдалана отырып, оқушыларды уайым мен стрестік жағдайларды жеңуге үйрету;
  • Рефлексия және метофорикалық ойлау дағдыларын дамыту;
  • Босаңси білуге және шиелінсуді болдырмауға жаттықтыру;
  • Оқушылардың креативтіктерін дамыту;
  • Психологиялық ұсыныстар беру.
жоғары