2019 жылдың 17 қарашасында еліміздің астанасы- Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің қолдауымен Отбасылық Тәрбие Институты өткізетін орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының біліктілігін арттыру курстарының ашылуы өтеді.

 
14 күн ішінде, 500 мектеп психологтары "Бақытты отбасы" бағдарламасын Отбасылық тәрбиелеу бойынша өз біліктілігін арттыратын болады. Бағдарламаның оқу курсы Отбасылық тәрбие Институтымен әзірленіп, 2011-2014, 2018 жылдары практикалық қызметте қолданылған. Осы уақыт ішінде 2222 маман (мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің психологтары) дайындақтан өтіп, оқыту барысында жаңа біліммен, құралдармен, техникалармен және әдістемелермен, отбасылық психология мен педагогика, отбасылық тәрбие саласымен танысып, алған білімдерін өзінің күнделікті кәсіби жұмысында табысты қолданып отыр.
Биылғы оқу бағдарламасының курсы 500 мектеп психологтары үшін қызықты және танымдық болады.  Ол теория мен практиканың 140 оқу сағатынан тұрады.
 
Оқу жоспарын табысты іске асыру үшін, осы жобадағы оқытушылық жұмысқа Отбасылық Тәрбие Институты халықаралық ауқымдағы отбасы және отбасылық кеңес беру мәселелері бойынша 16 ғалымды, тәжірибелі сарапшыларды, мамандарды тартуда. Оларға: Намазбаева Ж. И, Н. А., Берікханова А. Е.,  Нурадинов А.С., Акишева А.К., Новикова Г. В., Лебедева Л. Д., Попов С. А., Александрова Е. А., Григорович Л. А., Глебова Е. В., Баранаускене Ингрида, Устименко В. Н., Евдокимов В. Н., Грязнова И. Ю., Комаровская Е. П., Мурафа С. В. жатады.
 
Докторлар, педагогикалық, психологиялық, социологиялық, тарих ғылымдарының кандидаттары мектеп психологтарын оқыту үшін астанаға отбасылық тәрбие мен отбасылық психология саласындағы ең үздік әдістемелер мен тәжірибелерді алып келеді.
Қазіргі кезеңде институт ел өңірлерінің барлық білім басқармалары қатысатын курстарда оқу үшін жобаға қатысушылардың тізімдік құрамын жинақтау бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде. Оқу процесін жүргізу және жалпы біліктілікті арттыру курстарында жобаға қатысушылардың келуі үшін қолайлы жағдай жасау үшін бірқатар дайындық іс-шараларын жүргізеді. Аудиториялар, олардың техникалық жабдықталуы, қонақ үйлерде тұру орындары анықталады, сабақ кестесі мен тәртібі, жобада тамақтануды ұйымдастыру ойластырылады. Келесі қадам-бұл курстарға келетін әрбір мектеп психологымен жеке жұмыстар: ақпараттық түсініктемелер, хабарламалар, электрондық хаттар, келіссөздер болып табылады.
 
Мектеп психологтарының біліктілігін арттыру курстарын өткізу бойынша іс-әрекеттер туралы біз институт сайтында және әлеуметтік желілерде баяндап, қызықты репортаждар ұсынуға сөз береміз.
Набитовская Л.