22.09.2018ж ШҚО Өскемен қаласында 560 ата-ананы қамтыған 5-6-7 сынып оқушылары ата-аналарына арналған конференция болып өтті.

№47 ОМ Директоры Мұхтарханова Раушан Абайханқызының бастауымен конференция өте қызықты өтті: жиналыс өткізіліп отырған ісшара үшін Отбасылық Тәрбиелеу Институтына ата-аналар қауымы атынан алғыспен бастаған ақынның сөзімен ашылды. Жиын мектеп директорының Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ата-аналарға жолдауын оқумен жалғасты. Аталмыш жиналысты өткізуге мектептің бірнеше педагоктары атсалысты.

Конференцияда сөйлеген барлық қатысушылар ата-аналарға мынадай: Ата-анаға тән менің бойында қандай оң қасиеттер бар, және қандайын мен дамытуым керек деген ой түсірді. Конференцияны жүргізушілер ата-аналарға жиналыстың мақсатын байсалды түсіндіріп, қажетті ақпараттарды жете жеткізді. 

Ата-аналар улкен қызығушылық танытып, конференциядағы өздеріне керекті деп тапқан мәліметтерді жазып алып, кейбіреуі суретке түсіріп сайттарға жіберіп жатты. Конференция соңында ата-аналар балаларына қатысты сұрақтар қойып, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті. Барлық жиналыстар өте жоғарғы дәрежеде өтті. Ата-аналар осындай сапалы ағартушылық және алдын-алу ісшарасына алғыстарын білдірді.