8(7172) 25-65-09, 8(7172) 25-64-09 | г.Нұр-Сұлтан, ул.Халел Досмухамедулы 90

«Көру қабілетіңді қайтар» әдістемелік құралында көптеген проблемалы ғылыми-тәжірибелік материалдар бар және олар көру қабілеті проблемасының барлығына әсер ете алатындығын түсінуге мүмкіндік береді. Мыңдаған адамдар бұл проблемамен өмір сүріп жатыр. Бұл нұсқаулықта көру қабілетінің бұзылуын болдырмауға, алдын-алу жұмыстарын жүргізуге үйретеді. Осы кітапта келтірілген қарапайым және нақты ұсыныстар мен жаттығулар жүйесі, көру қабілетін сақтап қана қоймай, оны жақсартады, көзілдіріктен бас тартып, шаршауды қалай жеңуге болатындығын үйретеді. Осы нұсқаулықта сипатталған практикалық материалдарды қолдану оқытушының және студенттердің жетекшілігімен дербес жүзеге асыруға болады. Бұл кітап көру қабілетін жақсартқысы келетін немесе көру қабілетін бұзып алмаймын деген адамдар үшін пайдалы болады.

жоғары